Оңтүстіктің дәрігерлері бауыр алмастыру отасын алғаш рет өздері жасады

vlcsnap-2016-05-27-12h37m42s167

Оңтүстіктің  дәрігерлері бауыр алмастыру отасын алғаш рет өздері жасап шықты. 18 сағатқа созылған операция кезінде хирругтар 29 жастағы әйелге жиенінің бауырын салып берген. Ағзасын ауыстырған қос науқастың да қазір жағдайы жақсы.Айта кетейік, бұл оңтүстіктегі бауыр алмастыру отасының төртінші жағдайы. Соңғы төрт жылдың ішінде мамандар 62 бүйрек трансплантациясын жасаған. Бір айта кетерлігі, ағза алмастыру операциясының барлығы туыстық донорлар арқылы жасалынған.

123

Мәди Бегалиев, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бас дәрігері:  «Ауруханада апта сайын бүйрек алмастыру отасын жасаймыз. Бұл тұрғыда тәжірбиеміз жетерлік. Енді міне бауырды алғаш рет өзіміз алмастырдық. Ота ұзақ өтті. Негізінде ағза алмастыру оталарының барлығы туыстық донорлар арқылы жасалынған. Дегенмен, мәйіт донорлығы дамысы жақсы болар еді. Өйткені мәйіт донорлығы арқылы жасалынған оталар біз үшін тиімді.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР