Оңтүстікте археология саласы қарқынды дамып келеді

381

Күнгейде археологиялық саланың дамуы қарқын алған. Бұл туралы жергілікті мамандар емес, Ұлыбританиядан келген археологтар мәлімдеп отыр.  Консервация және реставрация жұмыстары архелогиялық қазба кезінде үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, кез келген археолог өзін дамытып отырмаса, жауапты қазба жұмыстарында көшке ілесе алмайды дейді сала мамандары.

20120130170610Мамыр айының басында басталған семинар екі жақты тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізеді және жастарға таптырмас мүмкіндік береді дейді мұражай басшылары. Сондай-ақ,  облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері қордағы қыш, металдан жасалған бұйымдарды қалпына келтіру жұмыстарында үлкен жетістіктері барын қонақтар алдында марқая жеткізді.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері  Айсұлу Ержігітованың айтуы бойынша, атқарған жұмыстарын көрсету үшін кішігірім көрме ұйымдастырған. Мұнда  қалпына келтіру шарасы барысында қандай құжаттар толтыру керектігі жөнінде толық мәлімет берген. Сондай-ақ, жұмыстар қалай жүзеге асатынын іс жүзінде көрсеткен.