Облыс әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, өзекті мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына тапсырмалар жүктеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

Аймақ басшысы ең алдымен №1 облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысып, ондағы аналардың жағдайына қанық болды. Іргетасы 1934 жылы қаланған орталыққа облыстың 12 ауданынан неонатальді және экстрагенитальді потология, гинекологиялық аурулар сынды диагноз қойылған аяғы ауыр әйелдер келіп, босанады.

Облыс әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

Соңғы 10 жылда мұндағы туу көрсеткіші екі есеге артып, сәби саны 4 мыңнан 10 мыңға жетсе, 15 мыңнан астам ана мен бала түрлі дәрежедегі ем қабылдайды. Бүгінгі таңда 8 ауданға кураторлық көмек көрсетіп отырған мекемеде 350 әйел көмек алады.

Облыс әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

Орталықтың жұмысымен танысқан Б.Атамқұлов жауапты сала басшыларына мекемені бейнебақылау жүйесімен, соңғы медициналық құрылғылармен толықтай қамтамасыз етуді тапсырып, ғимаратты заманауи стандарттарға сәйкес етуді жүктеді.

Облыс әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

Мұнан соң Бейбіт Бәкірұлы облыстық «Ана мен бала» орталығында болды. Күні бүгінге дейін бұл орталықта 227 бала тіркелсе, 200-ге жуығы антиретровирусты терапияны қабылдайды. Сондай-ақ биыл Оңтүстіктегі орталық мамандары психолог көмегіне жүгіне отырып, науқас балалармен және олардың ата-аналарымен психологиялық кеңес құру барысында тиімді методика қалыптастырып отыр.

Орталық жұмысымен танысу барысында облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов ондағы балаларды Сарыағаш, Біркөлік сынды демалыс аймақтарына апарып, Түркістан, Отырар сияқты тарихи орындарға саяхаттатуды тапсырды.

Облыс әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

Нысандарды аралау кезінде өңір басшысы облыстық СПИД орталығымен танысты. Іргетасы 1954 жылы қаланған бұл орталықта 176 маман жұмыс істейді. Мәлімет бойынша бүгінде аталған мекемеде 1594 науқас тіркелген. Ғимарат тарихымен танысып, зертхана жабдықтарын аралап көрген Б.Атамқұлов орталық мамандарымен сұхбат барысында сауатты қызмет көрсетуді қадап айтты.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР