//
Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады Жаңалықтар 

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласы мен шаһар маңындағы автомобиль жолдарының сапасын бақылап, жерлердің мақсатты пайдаланылуына назар аударды. Қазіргі таңда аймақтағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 20 987 шақырымды құраса, оның 13 789 шақырымы облыс орталығына тиесілі.

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Өңірде жол жөндеу жұмыстарына айрықша назар аударылады. Мәселен, осы жылы 142 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланса, Шымкент қаласы бойынша 13 нысан қайта жөнделіп, екі көшенің құрылысы, теміржол өткелі мен жер асты өткелін салу күн тәртібіне қойылып отыр.

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Алайда бұл бағытта атқарылар жұмыстар баршылық. Қаланы аралау кезінде Бейбіт Бәкірұлы осы саладағы бірқатар өзекті мәселелерді атады. Мысалы, шаһар көшелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтуіне тиісті жағдай жасалмаған. Ол үшін көшелердің бойына ыңғайлы еңістер жасап, жаяу жүргіншілер жолын салу керек. Сонымен қатар облыс басшысы қаладағы көшелердің әлсіз жарықтандырылуына назар аударып, ондағы бағаналардың екі жағына да экономикалық үнемді әрі қуаты күшті шамдарды орнатудың мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Бұдан бөлек, жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы Батыс Европа – Батыс Қытай халықаралық автомагистралінің бірқатар учаскелерін аралады. Онда өңір басшысы мердігер компанияның маңызды көлік дәлізінің құрылысын кешеуілдетіп жатқанына тоқталып, жолды жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударды. Бейбіт Бәкірұлы осы кемшіліктердің биылдың қыркүйек айына дейін ретке келтірілуін тапсырып, кезекті рет бақылау жұмыс тобының ұйымдастырылатын айтты.

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Жұмыс сапары кезінде жерді мақсатсыз пайдалану мәселесі де Бейбіт Атамқұловтың назарынан тыс қалған жоқ. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдар салынған ғимараттардың құжаттағы сәйкестігі тексеріліп, заңсыз салынған құрылыс нысандары бұзылатын болды.

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Ал «Дала» ЖШС-не Шымкент қаласының маңындағы жергілікті тұрғындарға сол маңдағы қазаншұңқырды қауіпсіз ету шараларын қабылдауды тапсырды. Жұмыс сапарының соңында мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету мен жол құрылысы саласындағы бақылауды күшейту жүктелді.

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Облыс әкімі салынып жатқан жолдардың сапасын бақылады

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz