Облыстық ішкі істер департаменті басшының орынбасары тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыстық ішкі істер департаменті басшының орынбасары тағайындалды

Әсілхан Қалаубаев, Бейбіт Атамқұлов және Асқар Оспанов

Департамент бастығының бірінші орынбасары лауазымына Әсілхан Қалаубаев тағайындалды. Әсілхан Сәулеханұлы бұған дейін Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Қаратау полиция бөлімін басқарған.

Әсілхан Қалаубаев 1963 жылы 4 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында, Қазығұрт ауданында туған. 1995 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Әсілхан Қалаубаев еңбек жолын облыстық ішкі істер басқармасының патрульдік-күзет қызметінің батальонында миллиционер болып бастаған. Одан соң өңірдің ішкі істер салаласының құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР