Сәби сатуға байланысты істе тыңдау басталды

234
Сәби сатуға байланысты істе тыңдау басталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта жаңа туған сәбилерді саудалау ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Осы іс бойынша №1 перинаталдық орталықтың бұрынғы қызметкерлері Роза Алдамжарова мен Жанна Мамекова айыпталуда.

Сәби сатуға байланысты істе тыңдау басталдыОлар бұған дейін перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі және неонатологы болған. №1 перинаталды орталықтағы бала саудасына қатысты фактілер бір жыл бұрын анықталған еді.

Аталмыш іс бойынша өткен жылдың соңында 60 жастағы қария сотталды. Ол арадағы адам ретінде жаңа туған балаларды асырап алатын ата-аналар іздеген.