//
Жаңалықтар 

Шымкент “Art Days – 2016” көрмесіне дайын

Шымкент қаласы “Art Days – 2016” көрмесіне дайын. 14-15 -мамыр күндері аралығында өрбитін мәдени шара шаһарымыздағы орталық саябақта өрбиді. Қала әкімдігі қолдау көрсеткен бастамаға жергілікті өнер иелерімен қатар өзге де өңірлердің және Ұлыбритания мен Германияның таланттары шақырылып отыр.

13220104_840365186069457_1207649376_n

13230999_840365259402783_723746512_n

Фестивальдің ерекшелігі сол – ұсынылып-таныстырылатын әрбір дүние заманауи үлгіні жаратып, ұлттық дәстүрден сыр шертуі шарт. Әзірге саябақта темір қаңқадан әзірленген “Бәйтерек” жасалып, жайғастырылып жатыр. Сондай-ақ, ағаштан жасалған еңбектерді де көзіміз шалды.

Фестиваль 14 мамыр күні орталық саябақта өтеді. Дизайнер, қолөнершілер мен суретшілердің бүгінгі қоғамға сәйкестендіріп жасаған заттарын тамашалау үшін тұрғындарға да арнайы орын қарастырылып жатыр екен.

Данияр Шабдукаримов

Данияр Шабдукаримов, фестиваль продюссері: “Фестивальді сенбі-жексенбі күндері өтеді деп жоспарладық, себебі халықтың игілігі үшін ұйымдастырылып жатыр. Ал мәдени шара өнерпаздарға да мол мүмкіндік сыйлайды. Мәселен, суретшілер өздерінің заманауи туындысын тұрғындарға өздері таныстыра алады. Жаңаруға қарқын алғандары да түсіндіріп, өздерінің қолтаңбасын көрсетуіне болады”.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz