Шымкент IT технологияның даму алаңына айналады

Шымкент IT технологияның даму алаңына айналады

Фото: //bizgaz.ru

Шымкент IT технологияның даму алаңына айналады. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев осылай деп мәлімдеді.

— Бүгінде IT-технология — бизнесті бастау үшін нағыз әлеуеті бар сала. Осы тұрғыда Шымкент қаласындағы жоғары, арнаулы оқу орындары, денсаулық сақтау, өнеркәсіп салаларына жаңа технологияларды енгізу қажет, — дейді Сапарбек Құрақбайұлы. — Сол арқылы шаһарда шағын бизнесті дамытуға басымдық беруге болады. Әсіресе, жастар көп шоғырланған Шымқала үшін бизнес инкубатор жобалары мен жаңа технологияларға қатысты тың идеяларды қолдауға, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беруге болады.

Қазіргі таңда IT-сыз өмірді елестету күннен күнге қиын екендігін тілге тиек еткен өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов бұл тиімді жағдайды кәдеге жаратуға Шымкент қаласының толық мүмкіндігі бар екенін айтып өтті. 250 мыңнан астам жастар өмір сүріп отырған қаламызда IT-технологияны дамыту үшін көп шығын кетпейді. Себебі, бұл таза ақыл-ой еңбегінің жемісі, дейді билік өкілдері.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР