//
Шымкентте қысқа дайындық басталды Жаңалықтар 

Шымкентте қысқа дайындық басталды

Шымкентте жылу маусымы аяқталысымен Еңбекші ауданы әкімдігі келесі жылу беру маусымына дайындықты бастап кетті. Бүгінгі таңда көп қабатты үйлерде сығымдау жұмыстары жүруде. Орталықтандырылған жүйеге ауданда 525 тұрғын үй қосылған. Мердігерлермен келісім-шартқа тұрған көп қабатты үй жер төлесіндегі құбырлар жаңартылуда. Тұтынған жылуды есептейтін құрылғыларды былтыр орнатқан тұрғындар үнемделікке көз жеткізген.

Шымкентте қысқа дайындық басталды

17-шағынауданындағы №11 үйдің тұрғындарымен келісімге тұрған мердігер мекеменің жұмысшылары сығымдау жұмыстарын жүргізуде. Оған қосымша жертөледегі жылу жүйелері тексеріліп, қысымға шыдас бермеген бұрамалар мен құбырлар алмастырылады.

Айта кетейік, былтыр осы үйдің жертөлесіне тұтынған жылуды есептейтін жаңа құрылғы орнатылған болатын. Алдымен қарсылық танытқан тұтынушылар жылу маусымында үнемдеген қаржыларына көз жеткізіп, ризашылығын білдіруде.

Еңбекші ауданы бойынша сығымдау жұмыстарын 525 үйдің тұрғындары келісім негізінде жүзеге асырады. Ал келісімге келмеген 300-ден астам көп қабатты үй тұрғындары өз есебінен жылу маусымына дайындалады.

Қыстың қамын жазда ойлаған аудан әкімдігі тұрғындармен кездесіп, жылу маусымына дайындықты қазірден бастауға үгіттеуде. Сығымдау жұмыстарын ертерек жүргізіп, жүйелерді жаңалаған дұрыс дейді билік өкілдері.

Шынар Оразова

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz