Шымкентте «13» триосы құрылды

«Бала дауысы» байқауында Шымкент қаласының намысын бір емес үш  бірдей бүлдіршін қорғайтын болды. Бұл шаһарымызда өткен іріктеу сындағы қазылардың шешімі. Сайыс ережесі бойынша әр қаладан бір ғана қатысушы республикалық байқауға жолдама алуы тиіс болатын. Алайда тең дәрежеде өнер көрсеткен өнерпаздарды комиссия мүшелері бөліп жармай, үшеуіне бірдей жолдама ұсыныпты.

Байқаудың алғашқы іріктеу сынында Мағжан Абдухамид, Диас Жорабек пен Садыраддин Болат жеке -жеке өнер көрсеткен. Бір- бірін бәсекелес санаған оқушылар енді жұдырықтай жұмылып, бір белесті бірге бағындырмақ ниетте. Тіпті жаңа топ та құрып алған. Ал оның дүниеге келуіне  әнші Маржан Арапбаева  ұйтқы болған.

Мағжан Абдухамид қазылардың мұндай шешім қабылдағанына өте қуанышты. Сайыс талабы бойынша, тек бір ғана үміткер финалға өтетінін біле тұра, достарымен бірге Астанаға аттанатын болдық дейді. Сондықтан бірге барымызды саламыз деп, бекініп отыр.

Диас Жорабек,  «13» триосының мүшесі: » Топ құрамындағы үш баланың да ұстанған стилі үш түрлі. Мәселен, мен көбіне классикалық жанрдағы әндерді орындаймын. Мағжан мен Садыраддин заманауи, эстрадалық шығармаларды орындауда шебер. Ал қазылар алқасына біздің сахнада өзімізді еркін ұстауымыз бен әртістік шеберлігіміз, ән орындау әдебіміз ұнапты. Әрине жіберген қателіктеріміз де болды. Маржан апай, кем жіберген тұстамызды айтып, келесі жолы қайталамауымызды ескертті. Әсіресе маған жоғары ноталарды орындауда абай болуға және дауысыма күтім жасауға кеңес берді».

Қызығы сол, үш оқушы да қаламыздағы №65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда білім алады. Арнайы арнайы саз мектебінде вокалдан сабақ алатын балалар бұған дейін де бірнеше республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары атанып үлгерген.

Осылайша Маржан Арапбаева ойламаған жерден шымкенттік бүлдіршіндерден тұратын «13» триосын құрды. Ал топтың мүшелері шілде айында Алматыға аттанады. Онда Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жеңімпаздармен бірге бір ай бойы кәсіби мамандардан сабақ алады. Тек содан кейін ғана «Астана» қаласында өтетін «Бала дауысында» бақтарын сынайды. Ал жеңімпаз  тағы бір білесті бағындыру үшін Туркия еліне аттанады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР