Шымкентте антибиотик ұнтақтарын шығаратын цех ашылды

«Химфарм» АҚ-на қарасты жаңа цехта ампуладағы препараттар шығарылады. Яғни, ұнтақталған антибиотиктің түрі. Кәсіпорын жылына ампуладағы дәрілік заттың 40 млн құтышасын шығаруға қауқарлы. Арнайы автоматтандырылған қондырғының көмегімен препартқа қажетті ұнтақ дайындалады. Бұл жабдықтардың технологиялық стандарты талабқа сай. Соның арақсында цехта дайындалған өнімнің сапасы жоғары болмақ дейді мекеме басшылығы.

vlcsnap-2016-05-24-17h12m56s124
Ижи Урбанец,     «Santo» компаниясының бас директоры:  »  Компания өз қызметі арқылы өндірілетін өнімнің сапасына, қауіпсіздігі мен тиімділігіне басты көңіл белетіндігін дәлелдеп отыр. Жаңа цехта   технологияның стандартты халықаралық талапқа сай. Бұған қоса, кәсіпорын толғымен өнімді басқа бөлшектермен ластанудан қорғайды. Өйткені мұнда  қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын   арнайы сүзгілер орнатылған.»

Жаңа цехта шығарылатын өнім Санто компаниясының атауымен экспортталады. Өндіріс орны Орта Азиядағы дәрілік заттарды шығаратын ең ірі Қазақстандық кәсіпорын. Бүгінде мұнда 200-ден аса дәрі-дермектің түрі шығарылады. Компания өз өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Моңғолия және Тәжікістан секілді бес елге экспорттайды. Ал, мекемеде жұмыс істейтін мамандардың басым бөлігі медицина саласының қызметкерлері. Мұнда облыстық фармацевтикалық академия түлектеріне де орын бар. Болашақ фармацевтер дуальді оқыту жүйесі бойынша тәжірбиесін шыңдап келген.

Асқар Әбубакиров, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:  «Кәсіпкерлер палатасы «Химфарм» АҚ-ның жанынан оқу орталығын ашты. Қазір мұнда 70-ке жуық Фармацевтикалық академия студенттері білім алуда. Олар оқу ордасында теориялық білім алумен қатар, осындағы кәсіпорында тәжірбиесін шыңдауда. Олар әрі оқиды, осындағы цехта жұмыспен қамтылады!»

vlcsnap-2016-05-24-17h07m45s78

«Химфарм»  кәсіпорнының инвестицалық жобалардың санын арттыруда көш бастап тұр. Биыл тамыз айынана бастап, Италия елінің кәсіпкерлерімен бірлесіп, Шымкентте медициналық препараттарды шығаратын тағы бір кәсіпорынның жұмысын бастауды жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР