Шымкентте «АRТ DAY- 2016» өнер күндері өтті

Шымкенттіктер алғаш рет саябақта жылжымалы көрмелерді тамашалауға мүмкіндік алды. Ашық алаңқай астында стрит-арт, граффити, бейне-арт пен дизайндық жұмыстар таныстырылды. Бір сөзбен айтқанда Iымшаһарда заманауи өнерді насихаттап, қолдауға бағытталған «Шымкент АRТ DAY 2016» фестивалі өтті. Шараға еліміздің танымал суретшілері мен қатар жас таланттар қатысты.

Шара аясында түрлі инсталяциялар тұрғындар назарына ұсынылып, түрлі акциялар мен флешмобтар өткізілді.

Мен мұндалап тұратын бұл инсталяция «құссыз» деп аталады. Авторы — жерлесіміз, суретші Сырлыбек Бекботаев. Жұмыртқа түрінде жасалған шығармашылық туындысы арқылы ол «Жаңа өмір бастауы — Шымкентте» деген ойды жеткізгісі келіпті.  Шексіз қарындашпен сызып, қағаз бетіне түсірген жұмысын суретші сымтемірмен жасап шығарған. Ал кез келген жанның тамашалауына мүмкіндік беретін фестиваль қаламсап иелерінің дүниесін таныстыруда таптырмас шара деп біледі.

Сырлыбек Бекботаев, суретші: «Фестивальге қатысуға шақырту алған соң, қуана келістім. Осы «Құссыз» деп аталатын жүмысымды әдейі алып келдім. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, жұмыртқа жарады, ішінен бір тіршілік иесі шығады. Сондықтан жаңа өмір осы Шымкенттен басталады дегенді жеткізгім келеді. Көпшілікке арналған шара суретші үшін де, халық үшін де керек. Өйткені біздің жаңа заманауи жұмысымызды таныстыруда, халықпен тығыз жұмыс жасауда пайдасы зор деп білемін».

Өнер күнінде қалалықтар жылжымалы көрменің де куәсі болды. Ә. Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің студенттері ұмыт болып бара жатқан дүниелерді заманауи дәстүрге лайықтап жасаған жұмыстарын көрсетті. Тұрғындарды қызықтырған тың дүние асықтан жасалған.

Бердібек Ергешов, көркемсурет колледжінің студенті: «Бүгінде асықпей ойнайтын бала аз. Тіпті оның қалай жасалатынын, қалай ойналатынын білмей өсіп келе жатқандар көп. Сондықтан 22 қой, 1 сиыр асығын жинап, оны бояп, сәндеп, қолтаңба қойып, естелік затр жасап шығардым. Мұндай затты кез келген адам ұялмай, үйінің төріне іліп қойса болады».

Шығармашыл жандардың басын қосып, шымшаһарды шеберхана алаңына айналдыруды көздейтін «Шымкент АРТ DAY 2016» фестивалі алғаш рет ұйымдастырылды. Жүзден аса жас қатысып, флешмоб биін билесе, елімізге танымал суретшілер шеберлік сабақтар өткізді. Алайда замануи бағыттағы өнер түрлерін шымкенттіктер бірден қабылдай қоюы мүмкін емес дейді Астанадан келген ұйымдастырушылар. Десек те, қала әкімдігі оны халық санасына сіңіруде жұмыстар атқаруға, ай сайын жылжымалы көрме өткізуге дайын екенін жеткізді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР