//
Спорт 

Шымкентте бес елдің боксшылары жұдырықтасуда

Сидней Олимпиадасының күміс медаль иесі Мұхтархан Ділдабековтың жүлдесіне арналған турнир биыл да басталды. Байрақты жарысқа әлемнің бес елінен боксшылар жиналды. Олардың арасында Оңтүстіктің жеткіншектері де бар. Барлығы жүзге тарта спортшы 13 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.

Жарыста 16-17 жасар боксшылар бағын сынауда
Жарыста 16-17 жасар боксшылар бағын сынауда

Мұхтарханның ізбасарлары қандай дайындықта екенін сынау үшін еліміздің спорт тізгінін ұстаған бір қатар азаматтар жарысқа жиналып, 16-17 жасар боксшыларға сәттілік тіледі. Олар бес күн бойында ринг төрінде чемпиондарды анықтауға тырысады. Алғашқы күннің өзінде қызылордалық, Атырау мен оңтүстіктің жеткіншектері келесі айналымға жолдама алды.

Сидней Олимпиадасының жүлдегері
Сидней Олимпиадасының жүлдегері

Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков 19.3.1976 ж. ОҚО, Мақтаарал ауданында туған. Боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері (2000).

Жарыстың ақтық кездесулері 16 мамыр күні басталады. Ал олардың арасынан үздіктері арнайы сыйлыққа ие болады. Ептілік танытқан ауыр салмақтағы боксшы Ділдабековтың жүлдесіне ие болады. Ал жарыстың өзін Мұхтархан тәрбиеленген жоғары шеберлер спорт мектебі ұйымдастырып отыр.

Ел ағалары жас боксшыларға сәттілік тіледі
Ел ағалары жас боксшыларға сәттілік тіледі

Мұхтархан Ділдабеков, Сидней Олимпиадасының жүлдегері: “Мені елеп, жарыс өткізіп жатқан жоғары шеберлер спорт мектебіне алғысым шексіз. Осы спорт ордасында бокспен шұғылдануға мүмкіндік алып, кейіннен Олимпиадаға да қатыса алдым. Бұл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін аудандарда өткізіп жүрдік. Өйткені, ауыл балалары арасынан іріктеу жасауға қолайлы болды. Түлкібаста да осы турнирді ұйымдастырдық. Биыл енді бес елдің боксшыларын бір шаңырақ астына жинап, тәжірибе алмасуға жол ашуды көздеп отырмыз.”

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz