//
Шымкентте сауна өртенді Оқыс оқиға 

Шымкентте саунадан өрт шықты

Шымкентте таңсәріде автоорталық пен сауна өртке оранды. Тілсіз жау бір-біріне жапсарлас орналасқан қос нысанды бірден шарпыған.

Шымкентте сауна өртенді

Таңғы сағат 8 шамасында шарпыған жалынмен өрт сөндірушілер 1,5 сағат арпалысқан. Оған құрылымнан 30 адам жұмылдырылып, 7 арнайы техника алдырылыпты. Тілсіз жау шаршы метрге лап берген екен.

Шымкентте сауна өртенді

Мамандар сағат 9:30 шамасында өртті толығымен сөндірді. Оқыс оқиғадан зардап шеккен ешкім жоқ. Ал қазір жалынның шарпу себебі мен одан келтірілген шығын көлемі есептелініп жатыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz