Шымкентте тағы бір базар өртенді

245

Шымкентте тағы бір базар тілсіз жаудың құрбанына айналды. 30-мамыр күні кешкісін тұтанған қызыл жалын көпшілікке Акбар базар атауымен таныс  «Оптовик» базарын шарпыды. Өрт сөндіру қызметінің жедел əрекет етуінің нəтижесінде жалын бір сағатта құрықталды.

2700 шаршы метрді құрайтын аумақтың 210 шаршы метрі өртке шалыныпты.  Тілсіз жауды құрықтауға өрт сөндіру қызметінің 42 жеке құрамы, 9 теxникасы, сонымен қатар ЛТД «Тұрмыс» ЖШС-нің 6 су тасушы машинасы жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Оқиға орнына қала əкімі Ғабидолла Әбдіраxымов пен облыс əкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев келіп, ондағы сауда-саттықпен айналысатын тұрғындармен өртенген сауда нысанын қайта қалпына келтіру туралы сөйлесті.  Қазіргі уақытта өрттің шығу салдары анықталуда.