//
Жас ұландар бас қосты Жаңалықтар 

Шымкентте жас ұландар бас қосты

Елбасының бастамасымен құрлыған «Жас ұланның» жеткіншектерін ересектер октябрь ұландары мен пионерлерге теңейді. Айтпақшы, «Жас ұлан» ұйымы 2011 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Оның құрамына мектептің әрбір үлгілі оқушысы енген. Өзіндік қағидалары мен ережелері бар.

Бота Қожахметова, “Жас ұлан” ұйымының мүшесі: “Жас ұлан” қатарына қабылданған әр жас оқуда озат болып, өзгелерге үлгі көрсетуі қажет. Тәртібі де саналы болған дұрыс. Ұйымның жұмысын толық түсініп, оның қатарын көбейту үшін жұмыс жасауы шарт.”

“Жас қыран” және “Жас ұлан” республикалық ұйымы жыл сайын қатарын үлгілі оқушылармен толығып отырады. Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеп, жеткіншектердің басын біріктіруде маңызды рөль атқаратын ұйымның өз белгісі мен нышаны бар. Әр жасұландық мойнына көк галстук пен кеудесіне төсбелгі тағады. Ұран жаттап, үлгілі болуға ант береді.

Жас ұландар бас қосты

Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары әр баланың бойынан патриоттық рухын оятуға жол тауыпты. Зияткер бала тәрбиелейтін ұстаздар арнайы бағдарлама жасап, сабақ барысында патриоттық тәрбие берудің жоспарын құрған. Жобаны жүзеге асырудағы артықшылықтарымен бөліскен озат оқытушылар семинар өткізіп, әріптестеріне білгендерін үйретті.

Құлан Әбдікәрімова, Түркістан қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектептің мұғалімі: “Бүгінгі семинардан білгеніміз көп. Балаларға үйрететін дүниелер де жетерлік. Десек те, қай кезде де оқушыларды патриоттыққа баулимыз. Мұны мектеп қабырғасынан бастау маңызды. Бастысы, жас ұрпақтың тәрбие жұмысына тек ұстаздар ғана емес, қоғам болып атсалысуымыз керек”.

Еске сала кетейік, тәуелсіздік жылдарына дейін пионер балалар ұйымы жұмыс істеді. Жыл сайын арнайы слет өткізіліп, түрлі жарыстар ұйымдастырылатын. Қызыл галстук тағуды мақтаныш тұтып, тек , озат оқушылар ғана пионер деген атқа лайық болатын дейді ел ағалары. Сондықтан бүгінгі жасұлындықтар мен жасқырандықтардың істері біз үшін бөтен еместігін айтады. Ал бүгінде нышандар мен ұрандар өзгергенімен, балалар ұйымдарының мақсаты біреу – елін сүйетін, қоғамға пайдалы азаматты мектеп жасынан тәрбиелеу.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz