//
Шымкентте жол апатынан көлік аударылып кетті Оқыс оқиға 

Шымкентте жол апатынан көлік аударылып кетті

Шымкентте жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан көлік аударылып кетті. Келеңсіз жағдай Ақсукент және Майлы қожа көшелерінің қиылысында болған.

Шымкентте жол апатынан көлік аударылып кетті

Мұнда Volkswagen Sharan және 7-үлгідегі BMW көліктері соғысып қалды. Куәлердің айтуынша, BMW жүргізушісі Volkswagen көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан қатты соғылған Volkswagen көлігі аударылып, дөңгелегі аспаннан келіп тұрып қалды. Оның рөлінде отырған азаматты жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы көмек көрсеткен соң ауруханаға алып кетті.

Ал BMW көлігінің жүргізушісі жарақат алған жоқ. Оның көлігіне аздаған материалдық шығын келген. Қазір полиция қызметкерлері жол апатының қалай болғанын анықтап жатыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz