Шымкенттегі қоғамдық көліктің барлығында бірдей жеңілдік жоқ

Шымкентте қоғамдық көліктерде тегін қатынауға мүмкіндік алған азаматтардың жеңілдігі жарамсыз болып шықты. Еске салсақ, 2016 жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көліктерде жол жүру бағасы 70 теңгеге қымбаттаған болатын. Ал осы тұста түрлі жеңілдіктері болуы тиіс жолаушылар қоғамдық көліктерде құқықтары тапталып жатқанын айтып, ашынып отыр.

Шымкенттегі қоғамдық көліктің барлығы оқушыларды 50 теңгемен тасымалдамайды

№ 106 бағыттағы шағын автобуста жолаушылардың көзінше есепші балағаттап тастағанына Замира Тастанова қатты ашуланды. Ақшаға құныққан қоғамдық көліктің иелері күміс алқаны растайтын құжаттың жарамсыздығын айтып, жол жүру құнын толық төлеуге мәжбүрледі дейді ол.

Күміс алқа

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері бұл келеңсіздікті түсіндіруге тырысып бақты. Олардың айтуынша, барлық қоғамдық көліктер жеңілдігі бар азаматтарды тегін тасымалдамайды. Шағын автобусы бар көлік компаниялары оқушылар мен студенттерді 70 теңгемен тасымалдайтын көрінеді. Басты себеп техниканың көлемінде дейді мамандар.

Ал қаладағы қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына 4 топтағы жолаушылар адамдар кіре алады. Олар: ҰОС ардагерелері, зағип жандар мен оларды ертіп жүрген бір адам, алтын және күміс алқасы бар жандар.

Қуатжан Жұматаев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы: «Бүгінде кейбір көлік компаниялары өздеріндегі қоғамдық көліктермен теңгемен оқушылар мен студенттерді 50 теңгемен тасымалдайды. Олар: №145, 77 және 102 бағыттағы көліктер.»

Бір айта кетерлігі, жауаптылар бұл мәселе келгенде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Сондықтан көпшілік ішінде кикілжің туындайтыны сөзсіз. Замира Тастанованың да ыңғайсыз жағдайда қалып қойғаны сондықтан. Балағаттап, намысына тиген есепшімен есеп айырысуды енді оның өзі шеше жатады. Ал мамандар жолаушы тасымалы барысында туындаған түйткілдер бойынша 53-61-55 сымтетігіне хабарласуды сұранады.

Ғалымжан Кенжебек

Пікір қалдыру

2 пікір - "Шымкенттегі қоғамдық көліктің барлығында бірдей жеңілдік жоқ"

Маған хабар беру:
777

Демалыс күндері және жазғы демалыс күндері студенттерге жол ақысы 50 тенге болып калады ма?

Ия 50 т болып кала береди озгермейди

wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР