//
Жаңалықтар 

Шымкенттегі 129 зияткер түлектің қуанышын облыс әкімі бөлісті

Бүгін өңіріміздегі физика-математика бағытындағы зияткерлік мектебінде де оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылды. Білім ұясын тәмамдаған 129 түлекті облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың өзі арнайы құттықтады. Ақ тілегін жолдап, алдағы білім сынағы-емтиханда сүрінбеулерін тіледі.

Озат білім ошағының түлектері “Мектеп вальсін” билеп, мерекенің мерейін асырды. ” Мың алғыс саған, аяулы мектебім! ” атты салтанатты шарада бітіруші түлектер ән шырқап, ұстаздарына құрмет көрсетті. Айта өтейік, бұл оқу ордасын бітірген түлектер ҰБТ-ға қатыспайды. Олардың тең жартысы түрлі грант иегерлері. Бұл зияткерлік мектеп  ашылғалы  3 жылдың ішінде 12 сыныпты бітірген екінші түлектер толқыны болып табылады.

Ал  Оңтүстік Қазақстан облысында 1022 мектепте  “Соңғы қоңырау”  соғылып, 31 мың бітіруші түлек жаңа өмірге аяқ басты. Олардың ішінде 1440 оқушы “Алтын белгіге” үміткер. Айта кетейік,  биылғы оқу жылында облыстағы оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобаларға белсене қатысты.

Әлемдік білім додасына қатысқан 91 оқушының 38-і жеңімпаз атанған. Ал жеңімпаз түлектер ҰБТ тестінен босатылады.

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz