Шымкенттегі №72 мектепті 94 түлек бітірді

Шымкент қаласында білім ошағы және ұстаздарымен қимай қошқтасқандардың қатарында №72 жалпы орта мектебінің оқушылары да бар. Бала шақтан болашаққа қадам басқалы тұрған 94 түлек алдымен білім нәрін сепкен жандарға алғысын өлең жолдары арқылы білдіріп, гүлдерін тарту етті. Әліппені танытып, әріптерді үйреткен мұғалімдердің еңбегін алтын ұя мектептерімен қоштасқан түлектердің ендігі мақсаты – ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары бал жинап, ата -ана мен ұстаздардың үмітін ақтау. Өздері қалаған мамандықтық иесі атану.

Айта өтейік, №72 жалпы орта мектепті 94 оқушы аяқтап отыр. Тестілеуге қатысатындардың ішінде 3 оқушы – «Алтын белгі», 2 оқушы – «Үздік атестатқа» үміткер. Білім ошағының директоры Шұға Нұрабаева биылғы оқу жылының жемісті әрі үлкен жетістіктерге толы өткенін айтады. Өйткені халықаралық, республикалық және спорттық сайыстарда жүлдегер атанған оқушылардың саны биыл әлдеқайда көбейген. Сонымен қатар мұғалімдердің білімі мен біліктілігін анықтау мақсатында өткізілетін , яңни 5 жылда бір рет қайталанатын аттестация кезінде де, жоғары дәреже көрсетіпті.

Әзім Әбутаип, жас түлек: «Жаңа қадам бастап отырмыз. Жаңа өмірдің парағын парақтап жатырмыз. Енді бізге мектептегідей еркелеу жоқ. Алдымызда 11 жыл бойы біліммен сусындатқан ұстаздар еңбегінің жемісін көрсететін сынық тұр. Сондықтан бұл сынақтан сүрінбей өтіп, өзім қалаған дәрігер мамандығы бойынша оқуға түссем деймін».