Шымкенттегі зообаққа кіру құны 21 теңге

Шымкенттегі зообаққа кіру құны 21 теңге 21 тиын. Мұндай бағам, бір айдан беру қала тұрғындары мен қонақтарын қуантуда. Бұл уақытша жеңілдік шарасы да емес.

Зообаққа келушілердің қатары қалың. Әсіресе, жазғы каникулға шыққан мектеп оқушылары көп. Олардың барлығы билет құнының тым арзан екенін біле бермейді. Кассаға жақындаған да ғана кіру құны 21 теңге 21 тиын болғанын естіп, қуанып жатты.

Зообақтың бас есепшісі бұл бағам заң аясында бекітілгенін айтады. Алайда қалалық билік әлі нақты шешім бермеген. Есесіне, ересектерге 500 теңгеден, балаларға 200-300 теңгеден сатылып келген билет құнын он есе төмендегенін Салық Кодексіндегі соңғы өзгерістермен байланыстырады.

Зәмзәгүл Оспанова, Зообақтың бас есепшісі:  «Бұл баға Салық және салық ставкаларын белгілеу туралы Заңының 510- бабында көрсетілген. Осыған сүйеніп билет құны төмендеген.  Алайда, қалалық мәслихат әлі шешім шығарып бермеді. Сондықтан бұл соңғы көрсеткіш деп айта алмаймын».

Билет құнының төмендегені зообақ әкімшілігіне кері әсерін тигізіп те үлгерген. Бірінші кассаға келген азамат 21 теңге 21 тиын бере алмайды. 25 теңге беруге мәжбүр. Сондай-ақ, кассирде қайтарым ақшасынан қиналады. Өйткені елде тиын жоқтың қасы. Ал екенші мәселе, зообақтың ақылы қызметіне едәуір шығын келген. Яғни, кейбір қызметкерлер жалақысы қысқаруы мүмкін.

 Зәмзәгүл Оспанова, Зообақтың бас есепшісі: «Одан бөлек, біз хайуанаттардың азығын билет құнынан алатынбыз. Әрине, бюджеттен бөлінген ақша жетпеген жағдайда. Ал әзірге қаржы бар, яғни қор жеткілікті. Бірақ, алдағы уақытта қиындықтарға тап болатынымыз айдан анық».

Десе де, әзірге билет құны елді қуантып тұр. Қымбатшылық жағадан алған мына заманда бір мекеменің қараша ығына жығылғаны ең жағымды жаңалыққа айналған. Мүмкіндікті сіз де жіберіп алмаңыз.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР