//
Шымкенттің бюджеті өзгеріске ұшырады Жаңалықтар 

Шымкенттің бюджеті өзгеріске ұшырады

Шымкент қаласының бюджеті кезекті рет өзгеріске ұшырады. Бұл жолы қала қазынасы 6 млрд теңгеге толығып,  жалпы сомасы 103 млрд теңгені құрады. Кезекті сессияда бас қосқан қалалық мәслихаттың депутаттары қаржыны қаланың қажетіне бөлді.

Шымкенттің бюджеті өзгеріске ұшырады

Бұдан бөлек республикадан бөлінген 11 млрд теңге де қаламыздың дамуына бағытталатын болды. Өткен жылдың осы мерзімінде қала бюджеті 70 млрд теңгені құраса, биыл қоржын 34 млрд теңгеге артық. Тиісінше, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер орын алмақ. Атап айтар болсақ, Тұран шағынауданында жаңа үйлер бой көтеріп, инженерлік-инфрақұрылым тартылады. Сондай-ақ, үш аудандағы көп қабатты үй аулалары абаттандырылып, балалар ойнайтын алаңшалар салуға да қомақты қаржы қаралыпты.

Осы бөлінген қаржыр есебінен білім мекемелерінде күрделі және ағымдағы жұмыстар жүргізіліп, жолдар жөнделеді. Инфрақұрылымдар жаңартылып, үш аудандағы көп қабатты үйлердің аулалары абаттандырылады, балалар ойнайтын алаңшалар салынады. Орын алған өзгерістерді қалалық мәслихаттың депутаттары бір ауыздан мақұлдады.

Қала әкімдігіне қарасты жаңа құрылған тұрғын үй бөлімін жасақтауға 60 млн теңге жұмсалады. Сонымен бірге қысқы жылыту маусымына дайындыққа да қыруар қаржы бөлініп, 6500 текше метр құбыр жөндеуден өтеді.

Халық қалаулылары бұл отырыста конго-қырым қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге де қаржы бөлді. 4 миллион теңгеге көктем және күз айларында 352 мың шаршы метр жер тазартылады.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz