Шымкенттік велошерушілер жеті сағатта Ордабасы ауданына жетті

313

Билерге тағзым! Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, осындай атаумен велошеру өтті. Оған әкімдік өкілдері, сот қызметкерлері және мәслихат депутаттары ат салысты. Бұл шара Ұлы дала тарихын насихаттайтын маңызды жобалардың бірі. Велошеру Шымкенттегі Бәйдібек би ескерткішінен бастауын алды.


Велошеруге қатысушылар шақырымды шаңғытып, 7 сағат ішінде Ордабасы ауданына жетті. Жолай тоқтап, тынығып алуларына мүмкіндік берілді.

Қатысушы белсаенді топ бар қазақтың басын қосқан Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументінде шараны тәмамдады.