Соғыста қаза тапқан ардагердің топырағы туған жерге жеткізілді

Майдан даласында құрбан болып, хабар-ошарсыз кеткен жауынгердің сүйегі Шымкентке әкелінді. Облыстық ардагерлер кеңесі мен бір топ депутат марқұмның топырағын салтанатты түрде туған жеріне жіберді. Абай саябағындағы Мәңгілік алау мемориалында арнайы жиын өтіп, ардагер Мақаш Тәжібаевтың сүйегі туыстарына тапсырылды.

Соғыста қаза тапқан ардагердің топырағы туған жерге жеткізілді

Туған топырағына жеткізілген майдангердің сүйегін мұнда жастар, билік өкілдері және туған-туыстары күтіп алды. Cоғыста ажал құшқан сарбаз Калуга облысында осыдан 73 жыл бұрын жерленген екен. Сөйтіп, жуырда ғана іздеу тобы оның топырағын тауыпты.

Мақаш Тәжібаев 1942 жылы майдан даласына аттанған. 32 жастағы жауынгер 12-атқыштар дивизиясында фашист басқыншыларына қарсы соғысқан. Сол сәттері сарбаздан келіп жүрген хат-хабар сап тыйылады. Тек осыдан бір жыл бұрын ғана ресейлік іздеу тобы марқұмның бейітін тауыпты. Қасына қоса жерленген медальдегі жазудың көмегімен Мақаш Тәжібаевтың жеке басын анықтау мүмкін болған.

Соңғы екі жылда осымен үшінші сарбаздың сүйегі табылып, туған жеріне жеткізілген. Жат жерде жазым болған қаруластарын іздестіріп, олардың топырағын елге әкеліп жатқанына көзі тірі ардагерлер дән риза.

Айта кету керек, Оңтүстіктен майдан даласына 140 мыңнан астам жауынгер аттанған. Оның ішінде 105 мың сарбаз хабар-ошарсыз кетті. Тек қара қағаз беріліп, қаза болған деген ақпарат бар. Енді Мақаш Тәжібаевтың топырағы туған жері Бәйдібек ауданына жіберілді.

Мақсат Жақсыбаев

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР