//
Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды Жаңалықтар 

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды. Аудан әкімі Қ. Абдуалиевтің 2016 жылғы 16 мамырдағы №122 өкімімен Бектаева Жанар аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жанар Бектаева

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Шымкент қаласында Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің Шымкент бөлімшесінде «Саясаттану» мамандағы бойынша білім алған және осы мамандық бойынша магистратураны тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспектор қызметтерін атқарған.

Жанар Бектаева аудандағы ішкі саясат, жұмыспен қамту, мәдениет, экономика және қаржы салаларын басқаратын болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz