Түркістанда 400 отбасы баспаналы болады

Түркістан қаласында жаңадан  «Отырар» шағынауданы салынады. Мұнда тек  көп қабатты үйлер болады. Қазіргі таңда 100 тұрғын үйдің құрылысы басталды деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметі.

Қаланың шетінен орын алған шағынауданда  4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы қарқын алған.  Ал  9 қабаттан тұратын 160 пәтерлі екі ғимарат –ипотекалық тұрғын үй есебінен салынуда.

Енді көп ұзамай Түркістан қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен екі бірдей асыраушысынан айырылған жастар және ардагерлер қоныс тойын тойлайтын болады.

Айта кетерлігі, қасиетті қалада бұрын-соңды болмаған тұрғын үйлер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойына орналасқан. Ол маңнан аурухана мен емхана да салынды. Мектеп пен балабақшаның да орны белгіленді.

Бас жоспарға сәйкес, келешекте жаңа ауданға қарсы беттен Әкімшілік іскерлік орталық бой көтереді. Қазіргі таңда қалада 3 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Биыл соның 400-ден астамы баспаналы болады.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР