Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

641
Танагөзов Бахытбек
Танагөзов Бахытбек

Түлкібас ауданының әкімі Қ.Абдуалиевтің 2016 жылғы 16 мамырдағы №121 өкімімен Танагөзов Бахытбек Төленұлы аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Танагөзов Бахытбек
Танагөзов Бахытбек

Бахытбек Төленұлы 1957 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған селосында дүниеге келген. 1974 жылы Қарағанды қаласындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандағы бойынша білім алған.

Алғашқы еңбек жолын Созақ ауданындағы мемлекеттік банктің Шолақорған бөлімшесінде экономист болып бастаған. 1981 – 2016 жылдары Созақ ауданы, Құмкент совхозының бухгалтері, бас бухгалтері, Созақ ауданы партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, комсомол комитетінің бірінші хатшысы, идеология бөлімінің меңгерушісі, Созақ ауданы, «Агроөнеркәсіп қызметкерлері» кәсіподағы Созақ ауданы комитетінің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары, Созақ аудандағы «Тұран Әлем банкі» Таукент бөлімшесінің бастығы, Шымкент қаласындағы «Тұран Әлем банк» басқармасының маманы, Шымкент қаласындағы «Айгерім» ЖШС-нің коммерциялық директоры, Шымкент қаласындағы «Санжар Фрудс» ЖШС-нің директоры, Сайрам ауданы, Тассай ауылдық округінің әкімі, Сайрам ауданы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Бахытбек Танагөзов аудандағы білім, кәсіпкерлік, құрылыс, сәулет, денсаулық, құқық қорғау салаларын басқаратын болады.