//
Туыстары Амангелді Ақыновты іздейді Оқыс оқиға 

Туыстары Амангелді Ақыновты іздейді

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті із-түссіз жоғалған 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғынына іздеу салады.

Туыстары Амангелді Ақыновты іздейді2016 жылдың 16 мамыр күні Шымкенттегі Қаратау полиция бөліміне 61 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 1988 жылы туылған ұлы Ахынов Амангелді 2016 жылдың 11 мамырында жұмысынан шығып, әлі күнге дейін үйіне оралмағаны туралы арызданған.

Амангелді Ахановтың белгілері: бойы шамамен 170-175 см, орта денелі, көзі қара түсті, шашы қысқа, қара түсті. Үстінде киген киімі костюм және көк түсті шалбар, ақ түсті көйлек және қара түсті аяқ киім болған.

Із-түссіз жоғалған азаматты іздеу мақсатында ОҚО ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жоғалған Ахынов Амангелді туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда полицияға хабарласуын сұрайды. Тел: 8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 немесе 102.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz