//
Жаңалықтар 

Ветеринарлар кенеге қарсы залалсыздандыратын дәріге қол жеткізді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында көктем жаңбырлы болған соң, кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары кеш басталды. Мамандар күн қатты ысымай тұрып, ауыл маңы мен қора-қопсыны дәрілеп, малды тоғытуды үлгеріп қалудың қамын жасап жатыр. Өйткені күнгейлік ветеринарлар кенеге қарсы залалсыздандыратын дәріге екі ай дегенде әзер қол жеткізді. Бюджетен бөлінген 226 миллион теңгеге Қырым қанды безгегіне қарсы ұнтақ пен дәрі жеткізіліп, аудандарға таратылды. Бүгінен бастап, өңірдің барлық аймақтарында төрт түлікті кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары қарқын алды.

 Манкент ауылы Сайрам ауданы бойынша төрт түлігі көп елді мекендердің бірі. Кенеге қарсы шашатын дәрі-дәрмек қолдарына тие сала мамандар қызу іске кірісіпті. Аудан бойынша 170 мың ірі қара, 90 мыңға жуық ұсақ мал дәріленіп, 2 миллион  шаршы метр қора- қопсы залалсыздандырылуы тиіс. Алғашқы күнгі іс көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді.

Өңірімізде кене тістеген жерлестеріміздің саны 2 400 ге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімінмен салыстырғанда екі есе көп. Жиі жауған жауынан кейін ысыған ауа райы кенелерді оятады дейді сала мамандары. Сондықтан да жұмыстарын ширатып, шараны маусымның 20 жұлдызында аяқтауды жоспарлап қойыпты. Мамандар күн қатты ысымай тұрып, ауыл маңы мен қора-қопсыны дәрілеп, малды тоғытуды үлгеріп қалудың қамын жасап жатыр.

“Мамандар бұл мәселемен қарқынды жұмыс жасап жатыр.  Алайда бұл дегенің кененің барлығын жойып жібердік дегенді білдірмейді. Сонымен қатар  біз осымен тоқталып қалмаймыз, жұмыс әлі өз жалғасын табады дейді,”- облыстық ветеринария бөлімінің басшысы  Базарбек Омаров.

Көктем мен жаз басында облыс бойынша 1,1 миллион қара мал мен жылқы, түйе бүркіліп, ал 4,2 миллион бас ұсақ мал тоғытылуы тиіс. Қазір сондай жұмыстың жартысы атқарылды. Күзде осы жұмыс тағы қайталанады.Кененің көбейіп кетпеуі үшін 35 миллион шаршы метр ауыл іргесінде мал жайылатын жер мен суат маңы зарарсыздандырылады. Оған орталықтан бөлінетін дәрі-дәрмек пен арнайы техника жеткілікті.

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz