//
кірпіш Жаңалықтар 

Зауытта тәулігіне 55 мың дана кірпіш шығарылады

кфшҚыш шығарумен айналысатын “Агро Ви” ЖШС 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Индустриалды карта аясында іске қосылған кәсіпорында әуелде тәулігіне 30 мың дана өнім шығарылған. Жылдан жылға өндіріс көлемін арттырып отырған зауытта бүгінде тәулігіне 55 мың дана кіршіп дайындалады.

Кәсіпорынның жалпы құны – 527 млн теңге. Толық қуаттылығына сай мұнда жыл сайын 25 млн дана қыш шығарылады. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалардағы жеңілдіктерді де тиімді пайдаланып отыр. Олар пайыздық мөлшері аз несие түрлерін алып, ісін дөңгелетуде.

Бүгінде өңірдегі 70-ке жуық кірпіш зауытының тек бесеуі ғана жылдың барлық маусымына арналған технологиялық жабдықтармен қамтылған. Заманауи талапқа сай бой көтерген кәсіпорынның бірі осы. Жалпы, облыста индустриалды карта аясында 705 млрд теңгенің 170 жобасы қолға алынған. Қазір бұл кәсіпорындарда 21 мың адам жұмыс істеп жатыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz