Жұмат Шанин өз перзентінен бас тартқан

«Алаш» арыстары ардақталып жатыр. Бүгін өңірімізде сонау 1937 — 38 жылдары саяси қуғынға ұшырап, ажал құшқан азаматтар еске алынды. Қайраткерлердің құрметіне әзірленген деректі фильмді тамашалаған қауым қазақ зиялыларының өмір жолына үңілді. Дәйекті дүниеде ұлт болашағы үшін өмірін тәуекелге тіккен боздақтардың фотосы мен құжаттары таныстырылды.

Минуттық үзілістен соң, көпшілік назарына ерлердің есімі мен ерлігінен сыр шертетін қойылымдар ұсынылды. Қоғамның қысымы баяндалатын спектакльді тамашалаған көрермен арасында солақай саясаттың құрбанына айналған азаматтардың ұрпақтары да бар. Сондай-ақ, жерлестеріміз «Тағзым» көрмесін тамашлауға мүмкіндік алды. Онда қандастарымыздың қадамы мен жанкештілігі көрініс тапқан фото-жәдігерлер қойылған.

Райхан Шанина

Райхан Шанина

Райхан Шанина, Ж.Шанинның немересі: «Саясаттың зобалаңдығы сол — атамыз Жұмат өз перзентінен бас тартты! Иә, Қасымханды өз атына жаза алмады. Інісіне тіркетті. Себебі қоғам оны тыныш қоймайтынын білді. Соңында атамыз атылды, апамыз Қарлакта жылдар бойы темір торға қамалды. Ал  Қасымханның да әкесіне деген ешқандай реніші болған жоқ, түсінді, жанын ұқты, құрметі ерекше еді. Қазір атамыздың өнерінің шамын өшірмей келеміз, бүгінге дейін туыстарының барлығы театрда тер төгіп, елге қызмет етті. Соған қуанамын! Оңтүстікке келген сайын Жұмат Шанин атындағы театрға бұрыламыз, атамыздың шығармашылығы мен өзін еске алып, сырласатын жәйіміз бар».

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР