//
Жаңалықтар 

“Жасыл ел” жасақтары өз жұмысын бастады

“Жасыл ел” жастар жасағы маусымдық жұмысын бастады. Алғашқы тазалық шарасын  Ұлы Отан соғыс ардагері Қадір Атажановтың ауласын тазалаудан бастады. Жыл сайын қаланың көгалдандыру жұмыстарына атсалысатын белсенді топтың биылғы жоспары да тың. Алажаздай жеңісті жақындатқан қарт майдангерлердің ауласын тазалап, құрмет көрсетпек ниетте.

jasil e

Үйіне келген жастар Ұлы Отан соғыс ардагерінен   майдандағы болған оқиғасы, ерлігі  туралы  сұрады.  Аула тазалап, үй шаруашылығына көмектесті.

Айта кетейік, табиғат жанашырлары еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай қалада 25 мың ағаш отырғызбақ. Бұл бастамаға 1800 ерікті студент ат студент тіркеліпті.

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz