//
Спорт 

“Жеңіс” лентасын жерлестеріміз биыл да алып өтті

Шымкентте “Жеңіс лентасы” акциясы ұйымдастырылды. Ордабасы-Шахтер матчы кезінде 140-қа жуық жас пен қала тұрғыны ұзындығы 71 метр көк туымыз түстес жеңіс символын алып жүрді. Лентаның салмағы 51 келі.

Ұйымдастырушылар Жеңіс лентасын былтыр қала көшелерімен алып жүрген болатын. Ал бұл жолғы іс-шара ел чемпионатының кезекті тур ойынына тұспа-тұс келді. Трибунаға жиналған мыңдаған жанкүйер де шет қалмай, батырларды еске алуға арналған іс-шараға ат салысты. Осы акция арқылы батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігіне бас иіп, майданнан оралмаған боздақтарды еске аламыз дейді акция белсенділері. Шара соңында барлығы соғыс құрбандарын, осы күнге жете алмаған батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

"Жеңіс" лентасын жерлестеріміз матч барысындағы 15 минуттық үзіліс кезінде алып өтті

Көк туымыз түстес лентаны алып жүрген белсенділердің арасында 6 айлық нәрестесімен шыққан ана да болды.
Белсенділердің арасында 6 айлық нәрестесімен шыққан ана да болды.

Бұл акция арқылы ҰЛы Отан соғысының ардагерлеріне жастар құрмет көрсетті

"Жеңіс" лентасын жерлестеріміз 1 шақырым бойында алып өтті
Жеңіс лентасын жерлестеріміз 1 шақырым бойында алып өтті

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz