//
Жаңалықтар 

Жоғарғы оқу орындарында жастар саясаты пәні енгізіледі

Енді жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына жастар саясаты пәні енгізіледі. Онда студенттер қоғамдағы құқықтары мен өздеріне жүктелген жауапкершілікті меңгереді. Бұл жөнінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы мәлімдеді. Сондай-ақ, баспасөз-мәслихатта жастар арасында көптеп орын алатын мәселелер мен олар үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан мол мүмкіндіктер де айтылды.

13183160_1072527336143665_1439736134_n

Тағайындалғанына 4 ай толған жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы баспасөз жиынды осы ақпардан бастады. Сөзіне сенсек, жастар саясаты пәні қазір емес, алдағы оқу жылында гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы университеттерге енгізіледі. Сондай-ақ, жазғы маусым басталысымен “Жасыл ел” жасағы қолға алынбақ. Биыл бағдарлама үшін жұмысқа 1700 жас тартылады.

Жиында қоғамды жауыр еткен жұмыссыздықты жоюдың жолға қойылып жатқаны сөз болды. Басқарма басшысы жыл басынан бері 5 айдың ішінде жұмыссыздар қатары жүздеп емес, мыңдап азайғанынын марқая жеткізді.

Болат Жанәбіл, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: “2016 жылдың 1 сәуіріне “Жастар практикасын” ұйымдастыруға 1100 жұмыс берушілермен келісім-шарт түзілген. Нәтижесінде 2 722 жас жұмыс тапқан. Бұл – жылдық жоспардың 64,8% құрапты. Биылдың өзінде 8263 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу жоспарланып, 1 сәуірге дейінгі уақытта 562 жас уақытша жұмыспен қамтылды”.

Бүгінде жастарды, оның ішінде білімді жас мамандарды ауылға тарту үшін тұрғын үй мәселесі де шешіліп жатыр екен. Тіпті “Дипломмен ауылға” бағдарламасын белсенді жүзеге асыру үшін жаңа жоба ойлап тауыпты. “Hello, ауыл!” кинотуындысының тұсаукесері тойланатын күн алыс емес.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы жиынды мүмкіндігі шектеулі жастардың қосымша қаржы тауып жатқанымен тәмамдады. Айтуынша, олардың назардан тыс қалмауы үшін қолөнерге баулып, дайын еңбектерін арнайы жәрмеңке ұйымдастырып, сатып жатыр. Айта өтетін ақпар, бүгінде күнгейде 767 963 жас бар. Олардың ішінде ауыл жастарының саны – 431 мың.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz