Зообақ жұмысшысы бір саусақсыз қалды

232

Зообақ жұмысшысы бір саусақсыз қалды. Оның саусағын ашулы аю тістеп алып, қызметкерді ауруханадан бір-ақ шығарған. Қуанышқа орай, қызметкерге анау айтарлықтай залал келмеген. Оның үстіне жыртқыш аңнан ешқандай жұқпалы ауру анықталмаған. Қазір, жұмысшының денсаулығы жақсы, ал тең жартысы жұлынып қалған саусақтың орнын Шымкент қалалық амбулаториялық хирургия, траматология орталық дәрігерлері ем деп жатыр. Жәбірленушінің айтуынша, оқыс оқиғаға өзін кінәлі санайды.

Айта өтейік, зообақта қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланады. Әсіресе, жыртқыш аңдарды күтіп баптаушыларға сақ болудың жолдары үйретіледі. Қырағылықтың арқасында мұнда еңбек қауіпсіздігі көп бұзыла бірмейді. Ал техникалық қауіпсіздікті сақтамағандарға шара көріледі. Бөлімге жауапты бас инженердің айтуынша, бұл биылдыққа тіркелген алғашқы оқыс жағдай.

Ерғали Елубаев, зообақтың техникалық қауіпсіздік инженері: » Жұмысшы қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Яғни, жыртқыштарға  арналған нұсқаудың ережесін бұзып отыр. Өзі кінәлі болып тұр. Бұл жазым. Біз жұмысшының толық емделіп кетілуіне сенеміз.Қазір дәрігерлердің қадағалауында. Жағдайы жақсы, зообаққа келді. Қазір ем-домы біткенше  жұмысқа шықпайды «.