Қадір түні қарсаңында Шымкентте қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдауда

Қадір түні қарсаңында Шымкентте бірқатар қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдап жатыр. «Гринбасс» серіктестігінің басшысы имамдармен ақылдасып, Ораза айында осындай қайырымдылық шарасын өткізуді ұйғарыпты.

Компанияның №78, 92 және №74 бағыттарындағы бір-бір автобуста жолаушылар бүгін тегін қатынай алады. Бұл шара Қадір түні бастауын алғанша жалғасын табады.

Қадір түні қарсаңында Шымкентте қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдауда

Өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген қоғамдық көлік компаниясының ұжымы қымбатшылық кезеңде жерлестерімізді қолдау мақсатында осындай игі бастаманы көтеріп отыр.

«Южавтотранс» қауымдастығының президенті Дархан Қаюповтың мәліметінше, бұлар — №78 бағытта мемлекеттік нөмірі 493, №92 бағытта — 417 және №74 бағытта мемлекеттік нөмірі 269 автобустар.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР