Қазығұртта лимон өсіріле бастады

Қазығұртта лимон өсіріле бастады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қақпақ ауылының тұрғыны Оспанәлі Таңсықбаев былтырдан бері көлемі 57 соттық жылыжайға лимон көшеттерін отырғызып, баптап келеді. Тез жерсінген цитрустық көшеттер алғашқы нышанын көрсетіп, өткен жылы мол өнім берді.

Қазығұртта лимон өсіріле бастады

Қазығұртта лимон өсіріле бастадыЕгістікке отырғызылған 640 түп көшеттің әрқайсысынан шаруа 17-18 келі төңірегінде өнім жинағанын айтады. Нәтижесінде 11 тонна лимон ішкі нарыққа шығарылды. Кәсібінен нәсіп тапқан шаруа биыл жылыжайының көлемін 6 соттыққа ұлғайтып, лимон өнімін жылдағыдан көп алуды жоспарлап отыр.

 

Айта кеткен жөн, цитрустық өнімді өсірумен айналысатын О.Таңсықбаев сынды шаруа ауданда, әзірге, жалғыз болып тұр. Жалпы, Қазығұрт ауданында жылыжай көлемі 82,8 гектар алқапты құрайды. Оның 40 пайызына, яғни, 32,31 гектарға қияр егілсе, жартысында (41,1 гектар) қызанақ өсіріледі. Ал 8,22 гектарында болгар бұрышы өсірілуде.

2016 жылдың 5 айында Қазығұрттағы жылыжай көлемі артып, жаңадан 3,5 гектар жылыжай салынды. Жыл соңына дейін оның көлемін тағы 3,5 гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР