//
Жаңалықтар 

“Қызыл ай” қоғамының өкілдері мақтааралдықтарға көмектесті

444444444444444444444444444444444444Айлардың сұлтаны Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасын тауып жатыр. Сауапты істі бұл ретте “Қызыл ай” қоғамының облыстық филиалының өкілдері қолға алды. Белсенділер Мақтаарал ауданындағы тұрмысы төмен отбасыларына көмек қолын созды.

Оңалбековтер шаңырағын шаттыққа бөлеген жанашыр топ тұрмысы төмен отбасынан аянып қалған жоқ. Үйелмелі-сүйелмелі үш баланы асырау бүгінде жалғызбасты ана Жеңіскүлдің мойнында. Ата-ана қамқорлығына зәру боп өскен ол бұл жауапкершілікті де ептеп еңсеріп келеді.

Базарлыққа қарқ болған балалардың жүзі де жабырқау еді. Әйтсе де мектеп жасындағы балғындардың енді жаздығы мен қыстық киімдері түгел.

Әр отбасының тағдыры әртүрлі. Бұл бойжеткен де жуырда ғана анасынан көз жазып қалыпты. Биыл ол ақысын төлей алмағандықтан, оқудан шығарылыпты. Бұл мәселені реттеуге жергілікті шенеуніктер уәде етті. Ал қонаққа келген қыздың да көңілін аулаған белсенділер бұл үйге базарлықтарын үйіп төкті.

Асыраушысы аяқ астынан мүгедектікке шалдыққан көп балалы Шекербековтер отбасы да көмекке мұқтаж. Бұл шаңыраққа құралақан келмеген қамқор жандар отағасынан бастап балаларға дейін бастан-аяқ киіндірді.

“Қызыл ай” қоғамының өкілдері тағдыр тауқыметін арқалағандарға тек материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, олардың енжарлықпен күресіп, еңсе тіктеуі үшін моралдьдық-психологиялық демеу де береді.
Алдағы уақытта қызылайлықтар жәрдемге зәру жандарға көмек қолын созуда жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп жұмыс істейтін болады. Шенеуніктер өз кезегінде бұл санаттағы азаматтардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына жағдай жасап, тіпті, баспана беруге уәде етті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz