//
Жаңалықтар 

ҰБТ-ның алтыншы күні 4 түлек 124 балл жинады

ҰБТ7 маусым – мектеп түлектері үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің алтыншы күні. Облыста тестілеуге арнайы бекітілген орталықтарда 3331 түлек сынаққа қатысқан.

Оның нәтижесі бойынша 4 түлек 124 бал жинады. Біреуі Мақтаарал ауданындағы мектеп оқушысы болса, ал үшеуі – Шымкенттегі мектеп түлектері. Жалпы, осы уақыт аралығындағы облыс мектептерінің орташа көрсеткіші 77, 17 пайызды құрайды, деп нақтылады облыстық білім басқармасының жауапты мамандары.

Бес күн ішінде 713 ұл-қыз тестілеу қорытындысы бойынша 50 балды жинай алмаған. Мамандар тағы бір тұсты нақтылады. Оңтүстікқазақстандық мектептерден 308 түлек Алтын белгіге үміткер болса, оның 128-і өз білімінің жоғары екенін дәлелдеген.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz