Құжаты жоқ байкер жазаға тартылды

1995
Құжаты жоқ байкер жазаға тартылды

Шымкент қаласының полицейлері жол жүру ережесін бұзған жергілікті байкерлерді жауапқа тартты. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлайды.

Құжаты жоқ байкер жазаға тартылды

Шымкентте «Жол жүру қауіпсіздігінің он күндігі» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Сол рейд барысында, 2016 жылдың 7 маусымы түні жол-патрульдік полициясының экипажы Қонаев даңғылында жол ережесін бұзып келе жатқан бір топ мотоциклшілерді тоқтатады. Тәртіп сақшыларының құжат тексеруі кезінде мотоциклшінің бірінің арнайы бас киімі жоқ болса, енді бірі құжатын көрсетуден бас тартқан.

Құжаты жоқ байкер жазаға тартылды

Куәлігін көрсетуде сұраған полицейге байкер дауласып, кейіннен құжатын үйінде ұмытып кеткенін мойындады. Осыған байланысты инспекторлар жол жүру ережесін бұзған екі азаматтың үстінена әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырды. Ал құжатсыз жүрген азаматтың мотоциклі айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.