//
Жаңалықтар 

Ақтөбеде қайтыс болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесі Шымкентке әкелінді

Ақтөбеде қайтыс болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесін Шымкентке әкелінді.  Антитеррорлық операция кезінде қайтыс болған жауынгердің бірі-Шардара қаласының тумасы. Ол 1997 жылы туылған Сапар Досбол Еркінбекұлы. Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген. Содырлардың қолынан қаза тапқан оның денесі ертең жер қойнауына тапсырылады.

БезымянныйЕске салайық, Жексенбі Ақтөбе үшін ойранмен өтті. Күллі жұртты дүрліктірген қанды оқиға «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендеріндегі атыстан басталды. Ондағы 2 адамды жер жастандырған қаскөйлер іле-шала жолаушылар автобусын басып алып, ішіндегі адамдарды түсіріп, Ұлттық ұлан ғимаратының қақпасын бұзып кірген. Онда да лаң салғандар 3 әскери қызметкерді мерт қылды.

Атыстан жарақат алғандар да аз емес. Оларды қабылдаған ауруханалардың бірі 13 адамның жеткізілгенін айтады.  Байрам Жұмағалиев, жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігері науқастардың басым бөлігі  травматологиялық бекет арқылы жіберілді дейді.

 Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеме жасап, халыққа аса сақ болуды ескертті. Күдік туғызған азаматтарды байқаған жағдайда, ішкі істер органдарына хабарласуға шақырды.


Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі: ” Ақтөбеліктердің сақтық танытуларын сұраймыз. Күмәнді тұлғаларды байқасаңыз, 102 нөмірі арқылы ішкі істер органдарына шұғыл түрде хабарлау қажет. Құрметті жерлестер, сіздерден сабырлық танытуды сұраймыз. Жоспарлы антитеррорлық операциялар жүргізілуде. Жағдайдың бақылауда екендігіне сендіреміз. Қазіргі кезде ахуал тұрақты”.

Халықты шошытқан оқиғамен жағаласып әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі атыс-шабыс деген атаумен бейне-жазбалар да қаптап кетті. Еліміздің құқық қорғау органдары оның бәріне бірдей сене бермеуді ескертеді. Бұл роликтер бір ай бұрын қалада түсірілген «Спецназ» және «Арлан» атты сериалдардың жарнамасы болып шықты.

Алмас Садубаев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:” Сюжеттік желілердің, сонымен қатар көшедегі қаруланған бір топ адамдардың, автокөліктің қақпақты тесігінен автоматтан оқ жаудырудың бейнероликтері әлеуметтік желілерде актерлермен жарнамалық мақсатта орналастырылған”.

Ал, атыстан кейін ел аумағындағы барлық әскери бөлімшелер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қазір жараланғандардың нақты саны әлі анықталуда. Ал бүгінгі атыстан зардап шеккендер бойынша 24 кз порталы қосымша ақпарат таратты. Ондағы Бас дәрігердің айтуынша, олардың барлығы штаттық кесте бойынша қабылданып жатыр. Бүгін аяғынан жарақат алған 30 жастағы ер адамның жеткізілгенін қоса мәлімдеген. Жалпы, қалада қоғамдық көліктер жүріп жатыр, тек ірі сауда орындары мен балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz