//
Жаңалықтар 

Алматының опера және балет театры күнгейге келді

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Оңтүстікке гастрольдік іс-сапарымен келді. Енді алып шаһардың өнер ұжымы 15-19 маусым күндері күнгейлік көрерменге қазақ композиторларының музыкасына жазылған «Ұлы дала аңызы» балеті, Аданның «Жизель», Россинидің «Севильдік шаштараз» комедиялық шығармасы  мен Штраустың «Жарқанат» опереттасы сынды бірқатар қойылымдарды ұсынбақ.

IMG_9590

IMG_9675

Сондай-ақ, спектакльдерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жамиля Баспақова, Болат Жомартов, Андрей Трегубенко, жетекші опера солистері Халид Нұралиев, Дархан Жолдыбаев, Зарина Алтынбаева, Қайрат Өмірбеков және театрдың жетекші балет солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Әсел Асқарова, Динара Есентаева, Азамат Асқаров, Әсет Мырзақұлов, Рафаэль Уразов, Рахым Даиров, Данияр Шманов және тағы басқалары қатысады. Ал мәдени шараның ашылу салтанаты бүгін, облыстық орыс драма театрында, кешкі сағат 19:00-де.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz