//
Арысқа адам ағып кетті Оқыс оқиға 

Арысқа адам ағып кетті

Отырар ауданы аумағында Арыс өзеніне ер кісі ағып кетті. Суыт хабар 112 нөміріндегі кезекшіге күндізгі сағат 15:33-те түскен.

Қоңырау шалғандар қайғылы жағдайдың Талапты ауыл округіндегі Шытты ауылында болғанын хабарлап, 43 жастағы ер кісінің шомылып жүргенде тұншығып қалғанын айтады.

Арысқа адам ағып кетті

 – Сағат 15:45-те көрсетілген мекенжайға төрт адамнан тұратын құтқару тобы аттанды,- дейді ОҚО ТЖД апатты құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин. – Сағат 18:05-те оқиға орнына келген сүңгуірлер іздеуге дереу кіріседі. Арада 40 минут өткенде марқұмның денесі судан шығарылып, туыстарына берілді.

Осы орайда құтқарушылар суға шомылғанда абай болып, ережелерді қатаң сақтауға кезекті рет шақырады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz