//
Жаңалықтар 

Азаматтарға арналған ашық үкімет

2015 жылдың мамыр айында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамды белгілеген.

Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, 94-қадамда ашық үкіметті жүзеге асыру міндеттері белгіленген.

Азаматтарға арналған ашық үкімет

 

«Ашық үкіметтің» мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.

Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық акті (НҚА), ашық диалог, ашық бюджет және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Бес порталдың ішінен төрт портал қазіргі кезде жұмыс істеуде, ал мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау порталы келесі жылдан бастап жұмысын бастайды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz