//
Жаңалықтар 

Бүгін оңтүстікте 4 529 бітіруші ҰБТ тапсырды

Оңтүстікте 4 529 түлек ҰБТ тапсырды. Мемлекеттік сынақтың алғашқы күні Шымкент, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Түлкібас, Бәйдібек, Отырар, Қазығұрт аудандарының мектеп бітірушілері бағын сынауда. Айта өтейік, биылғы түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді  соңғы рет дәстүрлі форматта тапсыруда. Биыл, Тест тапсырмаларының базасы да жаңарған. Сондай-ақ, 50 балл жинай алмаған түлектер ақылы түрдегі кешенді тестілеуден өте алады. Сондықтан болар, биылғы шәкірттердің бойларында аса қатты қобалжу байқалмады.

Айта өтейік, оңтүстікте ҰБТ тапсыру кезеңдері 2 және 8 маусым аралығында өтеді. Осы уақытта 19 798 бала тест тапсырады. Өңір бойынша 16 сынақ тапсыру бекеттері жұмыс істейді. Ондағы заңдылықтың сақталуын 79 мемлекеттік комиссия қадағалайды.

Еске салайық, биыл күнгейде 31 288 түлек мектеп  бітірді.  Түлектер ішінде 1440 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 603 оқушы жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткер.

 

 

 

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz