Бәйдібек ауданында көп балалы аналар марапатталды

559
Бәйдібек ауданында көп балалы аналар марапатталды

Бәйдібек ауданының әкімі Батырбек Көшербай аудандағы 14 ананы алтын және күміс алқамен марапаттады. Салтанатты кездесу кезінде аудан басшысы аналарды марапатпен құттықтап, еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды атап өтіп, балалар болашағы үшін ауданда жасалып жатқан жұмыстар ретіне тоқталды.

Бәйдібек ауданында көп балалы аналар марапатталды

Жиында марапатталған аналар атынан сөз алған алтын алқа иегері А.Амангелдиева нәзік жандыларға көрсетіліп жатқан жұмыстар үшін алғысын білдірді.

Бәйдібек ауданында көп балалы аналар марапатталды

Айта кетейік, қазіргі таңда Бәйдібек ауданында 2598 алтын және күміс алқа иегері бар. Жыл сайын ауданда он және оданда көп баланы дүниеге әкелген 372 батыр анаға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіліп, аудан тарапынан шипажайларға демалу үшін жолдамамен қамтамасыз етіледі.

Бәйдібек ауданында көп балалы аналар марапатталды