Білім ошақтарын күрделі жөндеу басталды

260
Білім ошақтарын күрделі жөндеу басталды

Бүгін белгілі болғандай, Шымкенттегі 6 білім нысанының ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Оның үшеуі мектеп болса, қалған үшеуі – балабақша.

Білім ошақтарын күрделі жөндеу басталды

Құрылысқа бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді дейді жауапты мамандар. Құрылыс жұмыстары қарқын алған нысанның бірі – №28 мектеп.

1982 жылы пайдалануға берілген білім ошағының биыл шатыры, едені және терезелері жаңартылмақ. Нысанның электр желілері, қабырғасы және есіктері де тозып кеткен. Алайда олар биылғы жұмыстардың тізімінде жоқ.