Биыл Оңтүстікте бидай ору ерте басталды

Оңтүстік Қазақстанда астық ору науқаны басталды. Облысымызда биыл астық ору жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда 10-15 күнге ерте қолға алынып отыр. Жалпы, өңірімізде 195 мың гектарға масақты дақыл егілген болса, оның 156,7 мың гектары — бидай, ал 38,3 мың гектары — арпа.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, егінге алғашқы орақты қазығұрттық шаруалар салды. Аталған ауданда 34 мың гектарға жуық жерге бидай егілсе, 3,2 мың гектарына арпа егілген.

Биыл Оңтүстікте бидай ору ерте басталды

Бүгінде «Аманкелді» ЖШС 1,5 га алқапта бидай және арпа орып жатыр. Мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаудың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда мұнда дақылдардың орташа түсімі 20% жоғары. Қожалық басшысы Н.Құраловтың айтуынша, астықты жинап алу жұмыстарына 15 комбайн мен 12 КаМАЗ жүк көлігі жұмылдырылған. Ал дайын 30 мың тонна бидайды Ауғанстан, Иран және Өзбекстан мемлекеттеріне экспорттауға келісімдер жасалып қойылыпты.

Айта кетейік, тауар өндірушілерге жеңілдетілген бағамен берілетін минералды тыңайтқыштың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4 мың тоннаға артып, 80 мың тоннаны құрады. Ал көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 38 мың тонна жанар-жағар майдың 37,2 мың тоннасы босатылды.

Масақты дақылдардың алдын ала жасалған болжамдық есебі бойынша 195 мың га алқаптың әр гектарынан 22 центнерден, жалпы 430 мың тоннадан аса өнім алынады деп күтілуде. Жалпы алғанда, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4 мың га артып, 780 мың га құрап отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР