Биыл облыста мердігерлерге 36 млн теңгеден астам айыппұл салынған

45454545455444Сапасыз құрылыстың соңы сотқа ұласады. Жыл басынан бері жұмысын жүйелі атқармаған мердігерлерге 36 млн теңгеден астам айыппұл салыныпты.

Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлімдеді. Анық болғаны, олқылыққа жол беріп, мемлекет қаржысын талан-таражға салған мердігерлерге көрілетін шара қатаң.

Пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың денінің сапасыз салынып жатқанын басқарма басшысы да жоққа шығармады. Айтуынша, ондай нысандар көбіне жобалау кезінде дұрыс сызылмайды. Ал тәп-тәуір жобаның өзін дұрыс шығара алмаған мердігерлерге алдымен ескерту беріледі. Кейін айыппұлға тартылады. Соңы сотқа ұласады. Алайда, олқылыққа жол берген компаниялардың атын атап, түсін түстей алмаған басқарма басшысы сапасыздыққа жол беретін тағы бір фактіні жайып салды.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары облыста 100 мың пәтер пайдалуға беріліпті. Былтыр облыс аумағында 4500-ден астам баспана тапсырылса, биылдың өзіне 2000-ға тарта отбасы қоныс тойын тойлаған. Осылайша жоспар артық орындалып отыр. Одан өзге жыл аяғына дейін 156 тұрғын үй тапсырылады деп күтілуде.

Бүгінде облыста 5 апатты мектеп бар. Басқарма басшысының сөзіне сенсек, бұл мәселе келер жылы толықтай шешімін табатын болады. Алайда өңірде саз-балшықтан салынған мектептердің түйткілі әлі тарқатылар емес. Сондай-ақ үш ауысымды білім ошақтарының қатары азаяды деуге негіз жоқ. Себебі, жылдан жылға өңірде мектепке деген сұраныс артып отыр.

Айта кетейік, облыста былтыр 17 инженерлік жүйенің құрылысы жүргізіліп, 10 нысан пайдалануға берілген. Ал биыл 18 инфрақұрылым нысаны салынуда. Басқарма басшысы жыл соңына дейін соның тоғызы тапсырылады деп уәде етті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР