Болашақта әкім болуды армандайтын балаға облыс басшысы батасын берді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, өңір басшысы №4 балалар үйінде болып, ондағы «Бар мейіріміз — балаларға» мерекелік шарасына қатысты. Ең алдымен, мекеменің жұмысымен танысқан облыс әкімі ондағы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, балаларға танымдық кітаптар мен киім-кешектер және велосипедтер сыйлады.

56bb8343-38ae-446b-90b2-358fbc185a25 440ec681-4d4e-4c88-8b87-fc50a3300495 Бүгінгі таңда аталған балалар үйінде 94 бала тәрбиеленуде. Олардың әрқасысына жеке-жеке көңіл бөлген өңір басшысы, армандарын тыңдады.  Әкім боламын деп алға шыққан балаға өз батасын берді. «Әкім бол, халқыңа жақын бол! Жақсы оқып, ел тағдырына алаңдайтын алғыр бол! Мен саған батамды бердім»,-деп арқасынан қақты.

Сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітірушілері де назардан тыс қалдырмады.  Жыл сайын ҰБТ-да 50 балдан жоғары жинаған аталған санаттағы талапкерлер ақысыз оқуға түсіріледі. Мәселен, 2013-2014 жылдары 74 түлектен 140 талапкер грант негізінде білімін жалғастырса, 2015 жылы грантқа 89 түлек ие болған. Облыс басшысы балалар үйінің бітіруші түлектеріне сәттілік тіледі. 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР